Астана әкімі LRT өз жұмысын қашан бастайтынын айтты

281

Бүгін елордада LRT тестілік режимде жұмыс істеп тұр.

Астана әкімі LRT өз жұмысын қашан бастайтынын айтты Фото: iapn.kz

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"LRT тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Айдың соңына дейін барлық вагондар жеткізіледі деп күтілуде. Станциялардың ішкі безендіру жұмыстары аяқталып жатыр. Келесі екі ай ішінде дайындық жұмыстары толық аяқталады", – деді Астана әкімі.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, келесі жылы LRT жолаушылар тасымалын бастайды.

"Сонымен қатар 9 жылдамдықты көлік дәлізінің іске қосылуы қоғамдық көліктің қарбалас уақыттағы орташа жылдамдығын 30%-ға арттырады. Автобустар қозғалысының интервалын 8 минутқа дейін қысқартады", – деп атап өтті ол.

Айта кету керек, бұған дейін Астана халқының саны орта есеппен жылына 100 мың адамға артатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу