Астана әкімі мен инвестиция министрі елорданың көлік жүйесін тексерді

550

Астана әкімі мен инвестиция министрі елорданың көлік жүйесін тексерді

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбекпен бірге елорданың көлік логистикалық жүйесін дамытудың бірлескен жоспарының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Көшпелі кеңес барысында Әсет Исекешев пен Жеңіс Қасымбек жаңа теміржол вокзалының аумағында болып, жол салу жұмысының барысымен, автобус маршруттарымен, аялдамалардың орнатылуымен, көлік тұрақтарының орналасуымен және т.б. мәселелермен танысты.

Жауапты қызметкерлердің есебіне жүгінсек, Ахмет Байтұрсынов және Жұмекен Нәжімеденов көшелерінде – Тәуелсіздік даңғылынан жаңа вокзалға дейін – 6 жолақты ұзындығы 4,7 км жол салынып жатыр. Есептік өткізу жүйесі – 5,5 мың автомобиль. А 82 (вокзалдың алдында) және А 62 (вокзалдың артында) көшелерінде де тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында барлық аймақтан автобус келеді. Күн сайын елордаға 118 автобус (қазіргі – 53, қосымша – 65) келмек.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалааралық тасымалды төрт көлік хабына (автовокзал) бөлу жоспарланған. "Сапаржай" автовокзалында қазіргі бағдарлар сақталады.

Отырыс қазіргі теміржол вокзалында да өтті. Елорда әкімі мен министр вокзалды қалпына келтірудің жоспарымен танысты. Сапар соңында дайындық жұмысы жөніндегі бірқатар жүйелі мәселе шешіліп, жедел шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу