Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында әкімнен оның қоғамдық көлікті пайдалана ма, жоқ па деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, шенеунік қоғамдық көлікпен жүрмейді. Алайда оның қарамағындағылар қызметтік автобуспен жүреді.
"Мен қоғамдық көлікке отырмаймын, өйткені жұмыс көп. Бірақ менің әріптестерім, бөлім басшылары аптасына бірнеше рет сервистік автобуспен жүреді. Бір автобуста шамамен 20 адам. Қаласаңыз журналистерді шақырамыз", - деп жауап берді әкім.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу