Ол Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан өз сайлау учаскесінде дауыс берген.
Оның айтуынша, қала бойынша барлығы 501 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
"Елорда тұрғындарының ыңғайлылығы үшін арнайы іздеу қызметі іске қосылған. Оның көмегімен әр азамат өз сайлау учаскесі мен мекенжайын біле алады: referendum.astana.kz ресми веб-сервисі; referendum_astana_bot telegram-боты; 109 нөмірі арқылы iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы. Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу