Астана әкімі су тапшылығын 1 айда шешуге уәде етті

438

Судан таршылық көрген астаналықтар жолды жапты.

Астана әкімі су тапшылығын 1 айда шешуге уәде етті Фото: gov.kz

2 аптадан бері суға жарымаған астаналықтар жолды жауып, көшеге шықты. Әбден ашуға булыққан тұрғындар Нәжмеденов пен Қалдаяқов көшелері арқылы көліктерді өткізбей тұрып алды. Судан таршылық көрген халық қала әкімдігінің назарын өздеріне осылай аударғысы келді. Бұл шаһардағы алғашқы суға қатысты алғашқы наразылық шарасы емес. Елордалықтар билік су тапшылығын шешуі үшін мұндай қадамға жиі баратын болған. 

Кейін қала әкімі Жеңіс Қасымбектің әлеуметтік желіде үндеуі тарады. Ол мәселені 1 айда шешуге уәде етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу