Астана әкімі Талдыкөлдегі сасық иіс жойылғанын хабарлады

586

Астана әкімі Талдыкөлдегі сасық иіс жойылғанын хабарлады

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған жиында Астана әкімі Әсет Исекешев Талдыкөлді тазалау жұмысына тоқталды, деп хабарлайды inform.kz.

"Екінші станса толығымен пайдалануға берілді. Иіс жойылды. Оның маңын абаттандыру, жасыл-желек отырғызу және рекультивация жасау жұмысы биыл қыркүйек айына дейін аяқталады", – дейді Әсет Исекешев баяндама барысында.

Сонымен қатар, әкім жаңбыр мен қар суына арналған кәріз жүйелерін салу жұмысын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, 2016 жылы 3 тазарту қондырғысы салынған. 2017 жылы тағы үшеуін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Үш магистралды коллектор саламыз, оның ішінде Есіл өзеніне су төгетін коллектор жүргізіледі. Соның арқасында 2017 жылы қаланың сол жағалауындағы су бұру жүйелері ретке келтіріледі. 2018 жылы тағы 10 нысан салынады", – дейді әкім.

Елбасы Талдыкөл мәселесі шешімін тапқанын айтты.

"Енді кіші Талдыкөлдің проблемасы қалып отыр. Қаланың түрлі ауданында кәріз жүйелерінің жарамсыздығы да үлкен мәселе", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу