Астана әкімі тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

4171

Астана әкімі тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Астана әкімі Әсет Исекешев астаналықтар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөз қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

"Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз Наурыз барша қазақстандықтар ерекше ықыласпен тойлайтын ізгі мейрам. Еліміз биыл Наурыз мейрамына толайым табыспен жетіп отыр. Экономикада, мәдени-әлеуметтік салада оң нәтижелерге қол жеткізілді. Астанамыз өзінің жиырма жылдық мерейтойын тұтас ел көлемінде атап өтуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы жəне қолдауымен сəулетті де дəулетті қалаға айналған жас елордамыз бүгінде əлемнің өркендеген мегаполистері қатарынан көрініп келеді. Бұл да болса алған бағытымыздың айқын, ісіміздің нәтижелі екенін дәлелдейді. Осынау игілікті іске қарапайым азаматтардың да қосқан үлесі зор екенін зор екенін мақтанышпен айтамыз. Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа құт-береке алып келсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!", - делінген әкімнің құттықтау сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу