Астана әкімі Жаңа жылда қаланы әсемдеу үшін бөлінген қаржыны көп деп есептемейді

327

Биыл елорданы жаңа жылға орай безендіруге 670 млн теңге кеткен. 

Астана әкімі Жаңа жылда қаланы әсемдеу үшін бөлінген қаржыны көп деп есептемейді Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы жаңа жылдық безендіруге бөлінген қаражатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер қала басшысынан "Биыл қаланы безендіруге шамамен 700 млн теңге бөлінді. Неге былтыр жаңа жылдық безендіру мақсатында сатып алынған заттар биыл пайдаланылмайды?" деп сұрады. 

"Биыл да, былтыр да жұмсалған қаражаттың көлемі бірдей. Осы жылы 670 млн теңге болды. Осыған дейін Жаңа жыл қарсаңында 30 шақты алаңдар абаттандырылығанын айтып кеттім. Оның ішінде балаларға арналған аулалар да бар. "Астана-Арена" қасындағы басты шыршаны жағу рәсіміне төрт-бес сағаттың ішінде 15 мың адам тамашалады. Қазір де отыз алаңда көптеген адам демалып жатыр. Жалпы қалада тұратын халықтың көңіл-күйін көтеру үшін бұл көп ақша деп есептемеймін",  деді елорда басшысы.

Жеңіс Қасымбек былтырдан қалған безендіруге арналған заттар биыл да пайдаланылатын айтты.

"Оны біз міндетті түрде пайдаланамыз. Қаланың шеттеріне береміз. Орталықта да қолданылып отыр. Биыл жалпы алаңның саны екі есе көбейіп отыр", – деп жауап берді Астана қаласының әкімі тілшілердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу