Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметіне Алмас Жаңбыршы тағайындалды", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Алмас Жаңбыршы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы сәулетші болып бастаған. 2005-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2019 жылдары "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры болған.
2019-2021 жылдары Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2021-2022 жылдары "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры атанған.
2022-2023 жылдары Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.
Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.