Астана әкімшілігі бағалы қағаздарды сатылымға шығарады

787

Астана әкімшілігі бағалы қағаздарды сатылымға шығарады

10 күннен кейін Астана әкімшілігі құны 15 млрд теңге болатын бағалы қағаздарды сатылымға шығарады. Бұл туралы Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрова біздің арнамызға берген сұқбатында айтты. Бұл биылғы жылы бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қолға алынып отырған іс. Құнды қағазадар ең алдымен инвесторлар үшін тартымды болуы тиіс, себебі қандай да бір кемшілік туындамайды. Облигацияның айналымы 2 жыл мерзімді қамтиды, жыл сайын 9,2 пайыздай кіріс түсіп отырады деді Малика Бектұрова.

Малика Бектұрова Астана қаласы әкімінің орынбасары: "Осы айдың ішінде Астана әкімдігі өзінің құнды қағаздарын эмиссиялайды. Бұл Астана қаласының инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін. Осы 15 млрд теңгеге құнды қағаздарды шығарамыз да, одан келген ақшаны жаңа тас жолдарды салуға, жаңа тұрғын үйлерге жаңа тұрғын аймақтарға, жылуды әкеулге және су сапасын арттыруға және басқа аудандарға жеткізуге барлығын осы сұрақтармен шешеміз деп жоспарлап отырмыз."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу