FlyArystan компаниясының Астана-Ақтау бағытындағы ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"FlyArystan 2023 жылғы 08 мамыр күні сағат 23:30-да КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда ұшу кезінде қатты тұманға байланысты Атырау қаласында қонуға мәжбүр болғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Әуе рейсінің Атыраудан ұшуы 9 мамыр күні таңертеңгі уақытқа ауыстырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу