"Астана-Ақтау" бағытындағы ұшақта жолаушы өзін нашар сезінген

520

Оған алғашқы медициналық көмекті бортсеріктер мен әуе рейсінде болған дәрігер көрсетті. 

"Астана-Ақтау" бағытындағы ұшақта жолаушы өзін нашар сезінген Фото: Vlast.kz

Астанадан Ақтауға бағыт алғаш ұшақ ішінде жолаушы өзін нашар сезінді. FlyArystan компаниясы осы жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алғашқы медициналық көмек көрсету барысында жолаушының қан қысымы өлшеніп, оның түсіп кеткені анықталды. Одан соң оттегі баллоны пайдаланылды. Бортсеріктер алдымен нұсқаулыққа сәйкес ауаның келетінін тексеріп, жолаушыға бетперде кигізді. Бірақ та көмек көрсету барысында ұшақ бортында дәрігердің бар екені белгілі болды. Ол кейіннен адамның қан қысымын қайта өлшеп, жолаушыны көлденеңінен жатқызу қажеттігін айтты. Содан кейін оттегі баллоны жабылып, дәрігердің көмек көрсету кезінде шетке қойылды. Дәрігер бұлшықет ішіне енгізуге арналған 1 мг атропин қолданды", - делінген хабарламада.

Әуе компаниясының мәліметінше, дәрігердің өтініші бойынша атропиннің, адреналиннің тағы бір дозасы дайындалып, жаңа оттегі баллоны берілді. Алайда жолаушының жағдайы жақсаруына байланысты олардың қажеттігі болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу