Астана қаласын зерттеу нәтижелері бойынша елорданың жетілу деңгейі – 2.48 балды құрады. Бұл туралы әкімдік кеңесте инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Біздің басқарма IDC (International Data Corporation) агенттігімен бірлесіп, Астана әкімдігінің салалық басқармаларымен экономика, көлік, қоршаған орта, қауіпсіздік және цифрландыру мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша, Астана қаласы "ақылды" қалалардың халықаралық рейтингіне енгізілді. Астана қаласын зерттеу нәтижелері бойынша елордамыздың жетілу деңгейі – 2.48 балды құрады", – деді ол.
Басқарма басшысы әлемнің кейбір қалаларының жетілу деңгейі: Сингапур – 4.4, Нью-Йорк – 3.7, Дубай – 3.6, Барселона - 3.2, Мәскеу – 3.1 екенін атап өтті.
"Сонымен қатар, Астана қаласы Орталық Азияда осы үлгі бойынша зерттелген және Smart City кемел бағасын алған алғашқы қала болды", – деп түйіндеді сөзін Әбдіқадыров.