Қала мәслихатының шешімі бойынша бекітілген, Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.
"Алайда, әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған(мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.)", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу