Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты елорданың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумының салтанатты ашылуында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Intelligent Community Forum беделді халықаралық ұйымының мәліметі бойынша елорда әлемдегі ең интеллектуалды қоғамдастықтың бірі ретінде озық 21 шаһардың қатарына енді. Сонымен қатар қаламызда Орталық Азиядағы ең ірі Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі құрылды. Бұл технопарк тек еліміздің ғана емес, бүкіл аймақтың цифрлық трансформациясына елеулі үлес қосады", - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев экология саласына әрдайым айрықша көңіл бөлетінін жеткізді.
"Аталған мәселеде азаматтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы шешуші мәнге ие. Ірі қалалардағы көшелердің қоқыстан таза болуы тұрғындардың азаматтық сана-сезімі жоғары екенін анық көрсетеді. Жауапты қала тұрғыны дегеніміз – бұл, ең алдымен, өз қаласының және елінің тағдырына бей-жай қарамайтын адам", - деді Мемлекет басшысы.