Астана-Алматы бағытындағы ұшақ қозғалтқышы істен шығып, шұғыл қонды

931

Астана-Алматы бағытындағы ұшақ қозғалтқышы істен шығып, шұғыл қонды

"Аir Astana" әуе компаниясының Астана-Алматы бағыты бойынша КС672 рейсін орындаған ұшақ Алматыда шұғыл түрде жерге қонды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

"7 наурыз күні "Air Astana" компаниясының Астана-Алматы бағыты бойынша КС672 рейсін орындаған Боинг 757-200 әуе кемесі бір қозғалтқышының істен шығуына байланысты қону алаңын сұрады. Сағат 11-00-де ұшақ штаттық режімде Алматы әуежайына қонды. Ұшақ бортында 72 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болды", – деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайынан.

Еске сала кетейік, бұл соңғы аптадағы екінші жағдай. 5 наурыз күні Алматы-Орал бағытындағы ұшақ та апатты жағдайда Ақтөбеде қонған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу