"Астана-Алматы" пойызының жолсерігі жұмыстан шеттетілді

141

Заңбұзушылықтарға жол берген қызметкерлерге қатаң ескертулер берілді. 

"Астана-Алматы" пойызының жолсерігі жұмыстан шеттетілді Фото: Қазақстан теміржолшысы

Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері тексеріс кезінде бірнеше пойызда заңбұзушылық анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ орталық аппаратының қызметкерлері №85/86 "Шымкент-Астана", №11/12 "Шымкент-Алматы" және №3/4 "Алматы-Астана" пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі мен қызмет сапасын тексерді. Мұндай тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі.

Аталған тексеру барысында Ұлттық тасымалдаушының стандарттарына сәйкес келмейтін бірқатар бұзушылық пен сәйкессіздіктер анықталды. №85/86 "Шымкент-Астана" пойызында тексерушілер кейбір вагонда сапасыз тазалық пен жиналмаған қоқысты атап өтті. Заңбұзушылықтарға жол берген қызметкерлерге қатаң ескертулер берілді.

"№11/12 "Шымкент-Алматы" пойызында жұмсақ алынбалы инвентарьдың бекітілген стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Жеткізуші кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндеттенеді. №3/4 "Астана-Алматы" пойызында вагон жолсерігі қосымша ақы үшін тіркелмеген жүк тасымалдау фактісі анықталды. Бұл жолсерікпен еңбек шарты бұзылды. Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын қатаң қадағалап, жолаушылардың ескертулеріне жедел жауап береді", - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.

Қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар бойынша жолаушылар +7 776 714 5686 нөміріне немесе WhatsApp арқылы байланысу үшін вагондарға орналастырылған QR-кодтарды пайдалана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу