Сондай-ақ, бүгін Астана-Алматы-Үрімжі бағыты бойынша жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты. Жаңа бағыт екі ел арасында арнайы жүргізілген уағдаластық бойынша іске қосылып отыр. Жолаушылар пойызы ЭКСПО- көрмесі барысында Алтынкөл– Қорғас шекара бекеттері арқылы қатынауы тиіс. Жолаушылар шекараға дейін өз елінің пойыздары арқылы жетіп, шекарада өзге елдің пойызына ауысып отыратын болады. Тасымалдаудың осы түрі ең тиімді болды дейді мамандар. Қазақстан тарапынан күн сайын қатынайтын пойыз құрамында 31 "Тұлпар-Тальго" вагоны бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу