Бұл туралы дауыс беру учаскелеріндегі байқаушыларға сілтеме жасап, Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тұрғындар саяси науқанға тек жеке өзі емес, туған-туыстарымен, достарымен және әріптестерімен бірге топтасып келуде.
Көптеген азаматтардың мерекелік көңіл-күймен ұлттық нақыштағы киімдер киіп келгені байқалады.
Кейбір учаскелерде дауыс берушілердің кезегі пайда болғанына қарамастан, халық арасында мерекелік ахуал мен салтанатты сезім басым.
Қазақстандықтар бұл референдумның ел тарихындағы маңызы зор екенін терең түсініп, өз таңдауларын жасауға жауапкершілікпен қарауда.