Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салынады

95

Аталған жобалар шетелдік инвестициялар есебінен жүзеге асады.  

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салынады Фото: РИА Новости

Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазір инвесторлармен тиісті келісімдерге қол қойылған. Салынатын көлемі – 293 млрд теңге. Құрылыс мерзімі 2 жылға созылады.

Әлиевтің сөзінше, коммуналдық секторда жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна қалдық түзіледі. Алайда оның тек төрттен бірі немесе 25–26 пайызы ғана өңделеді.

Қоқыстың басым бөлігі экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондарға жіберіледі екен.

"Тағам қалдықтары әр аймаққа байланысты тұрмыстық қалдық массасының 30-40 пайызын құрайды, бірақ оларды өңдеуге арналған инфрақұрылым іс жүзінде жоқ. Құрылыс қалдықтары заң бойынша көмуге болмайтынына қарамастан, әлі де полигондарға түсіп, немесе стихиялық қоқыс санын көбейтіп жатыр", – деді вице-министр.

Осыған байланысты ведомство утиль алым есебінен заманауи тұрмыстық қалдық полигондар құрылысын қаржыландыру ұсынған. Қазір осы механизм аясында қайта өңдеу жобалары басталды.

Одан бөлек тарифтерді әр 3 жыл сайын қайта есептеу және экономикалық негізделген модельге көшуді ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу