Әзірге Қазақстан бойынша қалдықтарды жоюды көздейтін 40-тан астам жоба жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осы тектес жобаларды іске қосу пысықталып жатыр. Соның аясында тәулігіне мың жарым тоннаға дейін қалдық өңдеу, электр энергиясын өндіру қарастырылған.
Ел бойынша қалдықтарды жоюды көздейтін 40-тан астам жоба жоспарланған. Олардың бәрі белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен қатар қалдықтарды сұрыптау және қоқыс полигондарын дамыту мәселесіне мән беру маңызды. Бұл істі кейінге қалдырудың экологиялық салдары ауыр болатынын әрі оның тұрғындар тұрмысына теріс әсер ететінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан Үкімет осы бағытта қажетті шаралар қабылдағаны дұрыс, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.