Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні елордада ҰОС 121 ардагері тұрады. Соның ішінде 99 адам – соғысқа қатысушы, 22 адам – мүгедек. Оның барлығына Жеңіс күні қарсаңында 500 мың теңгеден бір реттік төлем берілді.
Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар 20 мың теңге бір реттік төлемақы алды; соғысқа қатысушыларға теңестірілгендерге 10 мың теңгеден бөлінді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу