Астана Арена аумағында мыңға жуық адам йогаға қатысты

202

Елордадағы Астана Арена спорт кешенінің аумағында Халықаралық йога күніне арналған ауқымды шара ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана Арена аумағында мыңға жуық адам йогаға қатысты Фото: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шараға мыңға жуық адам қатысып, елорда тұрғындары мен қонақтары бірлесіп йога жаттығуларын орындады.

"Йога – салауатты ұзақ өмір сүру өнері" ұранымен өткен мерекелік шараны Үндістанның Қазақстандағы елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар мәдениетаралық байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық директоры Налини Сингхалдың айтуынша, шара адамдарды біріктіру мен денсаулық мәдениетін дамытуға бағытталған. Оның сөзінше, йога тек денені шынықтырып қана қоймай, өмір сапасын арттыруға да әсер етеді.

Астанамен қатар Халықаралық йога күні Қазақстанның 20-дан астам қаласында жергілікті әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен өтті. Бағдарлама аясында таңғы уақытта 108 рет "Сурья Намаскар" жаттығуы орындалды.

Қатысушылар йоганың денсаулық пен психологиялық жай-күйге оң әсерін атап өтті. Олардың айтуынша, бұл тәжірибе адамның ішкі тыныштығын қалыптастырып, өмір салтын жақсартуға көмектеседі.

Мерекелік бағдарлама аясында сондай-ақ Лакшминараяна-2026 (LGMF) жаһандық музыкалық фестивалі өтетіні хабарланды. Фестиваль аясында үнді классикалық музыкасы мен әлемдік музыкалық бағыттағы шығармалар орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу