"Астана Арена" мен "Алауды" жөндеуге 20,9 млрд теңге қажет

205

Екі спорт нысаны да елордада орналасқан.  

"Астана Арена" мен "Алауды" жөндеуге 20,9 млрд теңге қажет Фото: olympic.kz

Туризм және спорт министрлігі "Астана Арена" стадионы мен "Алау" мұз сарайын жөндеуге 20,9 млрд теңге бөлуді сұрап отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы өтінімінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, бюджеттік бағдарламаның жобасына сәйкес, 2026 жылға арналған қаражат "Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды өткізуге мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін дамытуға арналған нысаналы трансферттер" аясында көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу