"Астана Аренаға" "Борат" болып шыққан белгиялық жанкүйерлер жазаға тартылды

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты. 

"Астана Аренаға" "Борат" болып шыққан белгиялық жанкүйерлер жазаға тартылды Фото: видеодан алынған кадр

Елордадағы стадионда бельгиялық командамен келген 3 жанкүйердің ерсі қылығына қатысты қандай жаза берілгені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бірер күн бұрын ғана "Қайрат" пен "Брюгге" командалары алаңда жолықты. Ойын уақытында "Борат" фильміндегі кейіпкердің киімімен көзге түскен жанкүйерлер жедел полицияға жеткізілген болатын. 

– "Брюгге" жанкүйерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу бойынша сот шешімі бар, – деді С.Әділов. 

Еске салайық, 20 қаңтарда UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі 7-турында қазақстандық "Қайрат" (Алматы) "Астана Аренада" Бельгияның "Брюгге" (Брюссель) командасын қабылдады. 

Бұған дейін Астанадағы ойын кезінде "Боратқа" ұқсап киінген шетелдік жанкүйерлер қамауға алынғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу