"Астана Аренаның" жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы жұмсалды

Қаражат инфрақұрылымға, техникалық жабдықтарға бағытталған. 

"Астана Аренаның" жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы жұмсалды Фото: RunaSport

Стадион енді УЕФА мен ФИФА ойындарын өткізуге толық дайын тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жұмыстарға бюджеттен 15 миллиард теңге бөлінген. Еске салайық, жөндеу жұмыстарына дейін стадионның шатырынан су ағып, ішке кіретін кезде ескі жүйе адамдарды сағаттап кезекте тұрғызатын. Инженерлік желілердің де ескіріп, желдету және өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелердің бары ашық айталатын. Ең маңыздысы, газон жабындысының сапасы еуропалық футбол клубтарының таңданысын білдіретін. Хабарландыру мен трансляцияның анық естілмейтіні тағы бар. 

Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы "стадион енді УЕФА мен ФИФА ойындарын өткізуге толық дайын" деп отыр. Яғни, жоғарыда жазғандай кемшілктер түгел жойылған.  

Әлеуметтік желіде стадионның тым қомақты қаржыға жөнделгенін, тіпті көрші елдердің мұндай қаржыға жаңа стадион салатынын жазып жатқандар бар. 

Өткен маусымды Алматы қаласында өткізуге мәжбүр болған "Астана" клубы биыл қарсыласын өз алаңында қабылдайды. Қазақстан құрамасы да әлем чемпионатына іріктеу ойындарын Елорда төріндегі стадионда өткізбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу