Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астанада әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады.
"Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі. Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсінікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу