Елордада Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Мұның алдында отшашу уақыты сәл ертерекке ауыстырылған болатын – 21:30-дан 22:30-ға дейін.
Дегенмен күннің суытуына байланысты фейерверк 22:33 шамасында ғана атылды.
Техникалық дайындық мақсатында 3 шілде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабық тұрды. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.
Халық отшашуды іргелес аумақтардан, ботаникалық бақтың кіреберісінен, сондай-ақ, "Ұлытау" скверінен тамашалады.
Бір айта кететіні, отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді.
Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарланып отыр.
Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты – сағат 22:15 (22:30).