Астана астық қоймаларына 278 млн теңге шығын келтірілді

180

 "Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры 278 млн теңге жымқырған.  

Астана астық қоймаларына 278 млн теңге шығын келтірілді Фото: freepik

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет №2 және №5 астық базаларының "Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ол жалпы сомасы 278 млн теңгеден астам азық-түлік астығының резервтік қорын бүлдіруге әкеп соққан аса ірі мөлшерде және немқұрайлылықта жымқыру жасады деп күдіктелуде", — деді деді Антикор ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мәні бойынша қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу