Астана халықаралық әуежайы өзінің 8,3 миллионыншы жолаушысына қызмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл 2024 жылғы рекордтық көрсеткіш, сондай-ақ Астана әуежайы үшін тарихи оқиға. Елорда әуежайының 8,3 миллионыншы жолаушысы LO195 рейсімен Варшава-Астана бағытымен ұшып келді.
"Астана халықаралық әуежайы жылдан жылға әлемдік авиациялық қоғамдастықта өзінің маңыздылығын дәлелдеп келе жатыр. 2024 жылы біздің әуежайдан Сеул, Гоа, Фукуок, Пхукет, Абу-Даби, Сиануквилл, Милан, Прага және Минералды Суларға тұрақты рейстер ашылып, жаңартылды. Өткен жылы біз 7,5 миллион жолаушыға қызмет көрсетсек, биыл жолаушылар ағынының өсімі 10%-ға құрап, 8,3 миллионға жетті", – деді Астана халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер.