Астана әуежайы cоңғы 10 айда 7,8 млн жолаушыға қызмет көрсеткен

76

Бұл туралы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті.

Астана әуежайы cоңғы 10 айда 7,8 млн жолаушыға қызмет көрсеткен Фото: Wikimedia Commons

Әуежай арқылы шамамен 90 мың транзиттік жолаушы ұшса, пошта мен жүк тасымалы көлемі халықаралық бағыттар есебінен 10%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы жұмыс қорытындысы бойынша 10 ай ішінде 7,8 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Өсу үрдісі ішкі және халықаралық бағыттарда да байқалады", – делінген хабарламада.

Жыл бойы әуе компаниялары Қазақстан ішінде және шет елдерге маршруттық бағыттарды кеңейтіп, рейстер жиілігін арттырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу