Астана әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесіне мүше болды

2142

ACI әуежай саясатындағы маңызды өзгерістер процесі барысында әуежайлардың мүдделерін қорғап, қолдау білдіреді.

Астана әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесіне мүше болды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесіне мүше болды. Мұндай ақпарат ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды .

Халықаралық әуежайлар кеңесі (Airports Council International; ACI) - бұл әуежайлардың әлемдегі жалғыз жаһандық сауда өкілдігі. Аталған кеңеске қатысу Астана әуежайына бұл саладағы үздік әлемдік тәжірибені қабылдауға, қызмет көрсеткіштерін орташа салалық әлемдік көрсеткіштермен салыстыруға, барынша тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін кәсіби мүддесін білдіруге және оны қорғауға мүмкіндік береді.

ACI әуежай саясатындағы маңызды өзгерістер процесі барысында әуежайлардың мүдделерін қорғап, қолдау білдіреді.

Айта кетерлігі, еліміздің Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуежайларды дамыту саясатын жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның 15 әуежайы ИКАО санатын алған. 2020 жылы еліміздегі барлық әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңғыртылатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу