Астана халықаралық әуежайы Таяу Шығыс елдеріне және сол елдер арқылы өтетін кейбір халықаралық рейстердің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жолаушыларға әуежайға барар алдында өз әуе компанияларынан рейстің нақты мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады.
Әуе айлағының басшылығы әуежайдың әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста екенін және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қолайсыздықтарды барынша азайту үшін жағдайды бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу