Астана әуежайы рейстердің кешігіп жатқаны туралы ескертті

253

Бүгін Астана-Алматы бағыты бойынша КС 622 рейсі қозғалтқыш бөлшектерінің зақымдалуына байланысты 9 сағатқа кешіктіріледі.

Астана әуежайы рейстердің кешігіп жатқаны туралы ескертті Фото: AIR ASTANA

Астана халықаралық әуежайында 2024 жылғы 10 тамызда әуе кемелердің кешігіп келуіне байланысты қандай рейстер кешіктірілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұшып кету

  • КС622 Астана-Алматы;
  • КС123 Астана-Ташкент;
  • DV714 Астана-Алматы.

Ұшып келу

  • DV784 Өскемен-Астана;
  • KC7053 Алматы-Астана;
  • КС336 Қостанай-Астана;
  • КС621 Алматы-Астана;
  • DV713 Алматы-Астана;
  • КС7316 Қызылорда-Астана;
  • КС124 Ташкент-Астана;
  • КС568 Бодрум-Астана.

Азматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 тамыз сағат 14:10-дағы жағдай бойынша Астана әуежайынан ұшуға 9 рейс және ұшуға 6 рейс кешіктіріледі, рейстер тоқтатылған жоқ. Бүгін Астана-Алматы бағыты бойынша КС 622 рейсі қозғалтқыш бөлшектерінің зақымдалуына байланысты 9 сағатқа кешіктіріледі.

Алматыға "FlyArystan" әуекомпаниясының рейсі 10 тамыз сағат 16-20-да ұшады деп жоспарланған.

"Жолаушыларға салқын сусындар, ыстық тамақ беріледі, жолаушылардың бір бөлігі қонақ үйге орналастырылды. Астана қаласында орын алған ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Эйр Астана" әуекомпаниясының 4 әуе кемесі бұршақтың түсуі салдарынан зақымданған, бұл өз кезегінде кейінгі рейстердің кідірісіне әкеп соқтырды. Рейстер азаматтық авиацияда басымдық болып табылатын жолаушылардың ұшу қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін кешіктірелетінін атап өту маңызды. Қазіргі уақытта Астана әуежайында Азаматтық авиация комитетінің, Авиациялық көлік прокуратурасының, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері рейстердің кешігу жағдайын бақылауға байланысты шұғыл шаралар қабылдауда", - делінген Азматтық авиация комитеті хабарламасында. 

Ведомство әуе компаниялардың қызметкерлері жолаушыларға ҚР заңнамасына сәйкес рейстер туралы барлық қажетті ақпарат пен қызметтерді дер кезінде ұсынып жатқанын хабарлады.

"Кешіктірілген рейстерден кейінгі рейстер де кешігуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау ұсынылады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу