Астана әуежайы рейстердің кешігуін түсіндірді

312

Рейстердің кешігуіне әуежайдың қатысы жоқ.

Астана әуежайы рейстердің кешігуін түсіндірді Фото: Inbusiness.kz

Қыс мезгілінде рейстер неліктен жиі кешіктірілетінін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Рейстер қыста жиі кешіктіріледі. Бірақ бұл әуежайдың қысқа дайындығы жоқ деген сөз емес. Көп жағдайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ ұшып шықпауы немесе қонбауы мүмкін. Сонымен қатар, бас қалада ауа-райы жақсы болса да, ұшақтың баратын жерінде ауа-райы нашар болған жағдайда да рейс кешіктірілуі мүмкін", - деді Руслан Пыштанов.

Сонымен қатар ол Астана халықаралық әуежайы 2023-2024 жылдың күзгі-қысқы кезеңінде үздіксіз жұмыс істеу үшін арнайы техникамен қамтамасыз етілгенін айтып өтті. Әуеайлақ қызметі 34 дана қар тазалайтын көлік және тракторлармен, сондай-ақ әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған 111 дана арнайы техникамен жабдықталған.

Айта кетсек, 22 қарашада Астанадан Оралға ұшатын КС 7365А, КС7366А рейстері және ағымдағы жылдың 23 қарашасында Астанадан Петропавлға ұшатын IQ 437, IQ 438 рейстері межелі пункттегі ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу