Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Былтыр күзде жаңбырдың салдарынан елорда әуежайындағы терминалдың шатырынан су өткен болатын.
Осыған байланысты биыл мердігер "Mabco Constructions SA" құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындап, Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуір мен 1 маусым аралығында Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатын болады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз" деп ескертеді әуе айлағының әкімшілігінен.