Астана әуежайын дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспары әзірленбек

560

Әуе айлағын дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспарын әзірлеу жөніндегі жоба тұжырымдамасы таныстырылды, деп жазады inbusiness.kz Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Астана әуежайын дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспары әзірленбек Фото: inbusiness.kz

Отырысқа Кеңеске ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығының өкілдері қатысты. Бас жоспар жобасына сәйкес, әуежайда екінші ұшу-қону жолағы салынады.

"Жоспар жер учаскелерін пайдалануды, құрылысты, инфрақұрылымның жаңа объектілерінің параметрлері мен технологиялық схемаларын – екінші ҰҚЖ, перрон, терминалдар, ангарларды, сондай-ақ қажетті ресурстарды, оның ішінде арнайы техника мен персоналды жоспарлауды қамтитын болады. Осы жоспардың негізінде болашақта компанияны дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленетін болады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу