Астана әуежайына шұғыл қонған ұшақтағы жолаушының жағдайы белгілі болды

240

Дәрігерлер 17 тамызда Астана әуежайына шұғыл қонған швейцариялық ұшақтағы жолаушының жағдайы туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана әуежайына шұғыл қонған ұшақтағы жолаушының жағдайы белгілі болды Фото: Астана әуежайы

Дәрігерлердің айтуынша, 52 жастағы жапониялық азамат қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

"17 тамызда жедел жәрдем қызметі ер адамды әуежайдан №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Оған ми қан айналымының жедел бұзылуы – инсульт деген диагноз қойылды", – деп хабарлады Астана Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, шетелдіктерге емдеу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу