Астанаға жақын жатқан Майбалық көлі Астана әуежайына қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Майбалық көлі аумағында әуежайды су басу қаупі сақталып тұр. Бұл артық суды бұру үшін бөгет салу бойынша қажетті шаралар қабылдауды талап етеді", - деді мәжілістегі "дөңгелек үстелде" Юрий Ильин.
Сондай-ақ ол Есіл өзені арнасының Ақмола облысы аумағындағы төменгі жағынан су жіберу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қазіргі уақытта жеткіліксіз болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу