Астана әуежайынан өрт шықты

793

Әуежайдағы жолаушылар эвакуацияланды. 

Астана әуежайынан өрт шықты Фото: Астана қаласы ТЖД

Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан, адамдар эвакуацияланды.

Сағат 08-24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу