Астана әуежайында 20-дан астам рейс кешігіп жатыр

126

Бұған әуе кемелерінің белгіленген уақыттан кеш жетуі себеп болған.

Астана әуежайында 20-дан астам рейс кешігіп жатыр Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астана халықаралық әуежайында қазіргі уақытта ұшып келу және ұшып кету бойынша 20-дан астам рейс кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, кешігулердің ішінде 14 рейс – ұшып келу, 9 рейс – ұшып кету бағытында. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайға ауа райы әсер етпеген.

Осыған байланысты жолаушыларға рейстердің уақытын әуе компанияларының байланыс орталықтары арқылы немесе әуежайдың ресми сайтындағы рейстер кестесінен алдын ала тексеру ұсынылады. (www.nn-airport.kz)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу