Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды

82

Енді шекарадан өту небәрі 20 секундты алады.  

Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды Фото: t.me/nqzairport

Астана әуежайында жолаушыларға шекарадан өтуді жылдам әрі ыңғайлы ететін жаңа автоматтандырылған жүйе іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүйе төлқұжат пен жолаушының суретін өзі сканерлейді, кейін деректерді "Беркут" бірегей ақпараттық жүйе базаларымен тексеріп, елге кіруге немесе шығуға рұқсаттың бар-жоғын бірнеше секунд ішінде тексереді. Барлық процесс небәрі 15-20 секундқа созылады.

Бұл гейттерді 14 жасқа толған Қазақстан азаматтары пайдалана алады. Жаңа технологиялар кезектерді қысқартып, өткізу жылдамдығын арттырады және әуежайдағы жолаушылар қозғалысын жеңілдетеді.

Қазір әуежайда 8 гейт жұмыс істеп тұр: үшеуі – ұшу, бесеуі – ұшып келу аймағында орналасқан.

Жаңа жүйе шекаралық бақылаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу