Астана әуежайында автотұрақ бағасын көтеруге тыйым салынды

181

Бұған дейін әуежайдың ресми Instagram-парақшасында ақылы тұрақ аймақтарында тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат жарияланған болатын. 

Астана әуежайында автотұрақ бағасын көтеруге тыйым салынды Фото: Kazpravda.kz

Астана бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің ескертуінен кейін елорда әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында бағаны көтеруден бас тартты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Астана бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-на бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады", - деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу