Астана әуежайында ұшақтардың кешігуіне байланысты 3 рейстің уақыты өзгерді

246

Жалпы әуе айлағында жағдай тұрақты.

Астана әуежайында ұшақтардың кешігуіне байланысты 3 рейстің уақыты өзгерді Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астанада күн райы тұрақталып, ұшуға қолайлы болып тұр. Бүгін ауа райына байланысты рейстер тоқтатылған жоқ. Қазір әуе айлақта желдің жылдамдығы – 6 м/с, ауа температурасы – 18°C. Бүгін елорда әуежайында ұшуға 74 рейс жоспарланған болатын. Оның 3-еуі ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктірілуде", - деп жазды баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше Астанада қолайсыз ауа райына байланысты кейбір рейстер кестесі өзгерген еді. Әуе айлақ қызметі 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкіндігі туралы хабарлама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу