Астана әуежайында рейстер кестесі өзгереді

130

Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады.  

Астана әуежайында рейстер кестесі өзгереді Фото: Көлік министрлігі

Компания жолаушыларға елорда әуежайындағы жоспарлы жөндеуге байланысты рейстер кестесінде уақытша өзгерістер болатынын ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзгерістер ұшу-қону жолағына жасалатын жөндеуге байланысты болып отыр.

Жөндеу жұмыстары қазан айына дейін созылады:

  • 1 қыркүйектен 4 қыркүйекке дейін;
  • 7 қыркүйектен 31 қазанға дейін.

Уақытша өзгерістер Астанаға/Астанадан Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Дубай, Сеул, Ыстамбұл, Анталья, Бейжің, Пхукет, Нячанг рейстеріне қатысты болады.

– Рейстері өзгерген жолаушылар алдын ала хабардар етілді. Түйісу рейстерін жоғалтқан жолаушыларға ұшудың балама нұсқалары ұсынылған, – делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу