Астана әуежайында тәркіленген сұңқарлар тірі қалмауы мүмкін

1224

Астана әуежайында тәркіленген сұңқарлар тірі қалмауы мүмкін

Астана әуежайында тәркіленген ақ сұңқарлар бірінен соң бірі қырылып жатыр. Өйткені, контрабандалық топ бағалы құстарды сөмкеге қатты буындырып, байлап салған. Салдарынан, олар ауа жетпей тұншығып қалған, деп хабарлайды almaty.tv.

Қазір тәркіленген 23 ақ сұңқардың үшеуі өлген. Ал тірі қалған жиырмасының күйі тым нашар.

Қызыл кітапқа енген құстар Алматыдағы "Сұңқар" тәлімбағына өткізіліпті. Ондағы мамандар қанаттыларды күтіп баптап, қажетті ем көрсетіп жатыр. Дегенмен, бағалы құстардың қаншасы аман қалары белгісіз.

Айта кетсек, бұл сұңқарлар "Астана-Дубай" халықаралық бағытындағы рейсін тексеру кезінде тәркіленген. Тауар анықтамасы ілінбеген 3 қара сөмке шекарашылардың назарын аударған болатын. Сөйтсе, күдікті сөмкемен сұңқар тұқымдасына жататын 23 жыртқыш құсты алып өтпек болыпты.

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339 бабы бойынша бірыңғай реестрде бұл тіркелді. Іс ендігі таңда Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесінің өсімін молайту бойынша, бұйрық бойынша бұл жануарлар дүниесіне келтірілген зиян бойынша әрбір ақ сұңқарға 200 АЕК айыппұл салынады. Бұл сирек кездесетін ақ сұңқар болғаннан кейін әрбір көрсеткіш 3 есе еселенеді. Бүгінгі таңда мемлекетке келтірілген шығын 4 млн 329 мың теңгені құрайды", - деді ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу