Астана әуежайында жалған төлқұжатпен өтпек болған шетелдік ұсталды

148

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

Астана әуежайында жалған төлқұжатпен өтпек болған шетелдік ұсталды Фото: inbusiness.kz

12 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды", – деп мәлімдеді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу