Елордалық әуежайдың баспасөз қызметі қалың қар жауған кезде әуе айлағының жұмысы туралы хабардар етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Астана халықаралық әуежайының әуе айлағында қызметкерлер қолайсыз ауа-райында жұмыс істеп жүр. 10 қаңтар күні дауыл туралы ескерту жарияланды. 14:00-ден 20:00-ге дейін желдің жылдамдығы 22 м/с-тан 27 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қазір, әуежай аэродромында қалың қар жауып, желдің жылдамдығы 10 м /с, ал екпіні 15 м/с дейін. Техникалық себептерге байланысты, әуе компанияның 7 рейсі кешіктіріледі. Осыған дейін, ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелген жоқ", - деп түсіндірді әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуе айлағын қалың қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Қазіргі таңда, бұл жұмыстарға 10 бірлігі бар арнайы техника жұмылдырылған.