Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

327

Құжат жария талқылауға ұсынылды.

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Астана қаласының әуежайында жасанды интеллектіні пайдалана отырып жолаушыларды биометриялық аутентификациялауды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуы мүмкін. Көлік министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Цифрлық кодекстің 48-бабының 4-тармағына сәйкес, Астана қаласының әуежайында жасанды интеллектіні пайдалана отырып жолаушыларды биометриялық аутентификациялауды енгізу бойынша пилоттық жоба көзделіп отыр.

"Жоба Астана әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету процесін жақсартуға бағытталған. Биометриялық аутентификация бойынша жобаны енгізу жолаушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартуға, ұшу алдындағы рәсімдерден өтуді оңтайландыруға және Астана әуежайындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – делінген бұйрық жобасында.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Көпшілік талқылау 4 қарашаға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу