Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде

406

Жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады.  

Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде Фото: inbusiness.kz

ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайына барып, қауіпсіздік жүйелері, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және әуежайдың жұмысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ әуежайда цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда әуежайды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігін енгізу жолдары сөз етілді. Нәтижесінде жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады. Сонымен бірге паспорттың электрондық нұсқасын толық пайдаланады.

"Халықаралық әуежай" АҚ Басқарма төрағасы құрылған арнайы фокус-топ биометриялық сәйкестендіру бойынша жолаушыларды тіркеу бағдарламасын тест режимінде іске қосатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу